Стамбулда Малтепе муниципалитетімен және Тұран Университетімен бірлесіп ұйымдастырылған «Түрік халықтары мен американың жергілікті халықтары арасындағы мәдениет көпірі» атты халықаралық конференция өтті. Ұлттық және халықаралық қауымдастықтың, әсіресе түркі әлемінің көптеген ғалымдары, жазушылары мен қонақтары қатысқан Конференция үш сессияда өтті. Форумды шаһар басшысы Али Кылыч ашты.
Конференцияға Қазақстан Республикасының құрметті мемлекет қайраткері, профессор Әділ Ахмет, «Тұран» университетінің ректоры, Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, профессор Рахман Алшанов, философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, профессор Серік Сейдуманов, Эгей университетінің, Түркі әлемін зерттеу институтының қауымдастырылған профессоры Пинар Федакар, Хаджеттепе университетінің Американдық Мәдениет және әдебиет кафедрасының профессоры Мелдан Танрисал, әлеуметтанушы, бақсыларды зерттеуші, Сібірдің тумасы Тимур Давлетов, антрополог, Кроу каньоны археологиялық орталығының мәдени сарапшысы Зуни-Пуэбло тайпасынан Дэн Симплисио, Американың Түрік коалициясының бұрынғы президенті Линкольн Маккарди, Навахо тайпасынан шыққан «Creative Emergence LLC» негізін қалаушы директоры Чад Пфайфер, жоғалған және қырғынға ұшыраған Американың байырғы тұрғындарына арналған іс-шаралар жөніндегі жедел топтың мүшесі Яна Пфайфер қатысты.
Конференцияның үйлестірушісі – «Тұран» университетінің Сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры Таяуова Гүлжанат Жұбатқановна.