«Психология» кафедрасы әскери психологтармен ынтымақтасады

«Психология» кафедрасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Техника мен қару-жарақты жөндеу басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің әскери психологтарымен белсенді ынтымақтастық жүргізеді.

 

Мекеменің сұрауы бойынша 8D03101 – «Психология» БББ-ның 2 және 3 курстарының докторанттары коммуникативтік міндеттерді шешуде түрлі тренингтер өткізеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекеме біздің бакалавриат студенттері үшін практика базасы болып табылады. Мамандардың қызметін зерделейді және ПС 222(4) топтағы студенттер тренингтерге қатысады.

 

Полковник Р.М. Баетовтың, сондай-ақ мекеменің психологтары майор А.Г. Мукатаевтың, майор Н.Б. Кайбалдиннің, лейтенант С.А. Дәулетханның қызметіне қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Біз одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Online қабылдау