2023 жылдың 5 желтоқсанында «Тұран» университетінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының оқытушылары А.Ә. Кәдірбай мен М. Абайқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері, кафедра оқытушылары мен «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі Төлен Жеңісбек Мұратбекұлы қатысты. Іс-шара барысында студенттер еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін әсерлі ән-күйлерімен жеткізді.