Тұран университетінде 2023 ж. 21 қарашасында серіктес ұйым Учет.kz пен Есеп @uchet.kz. компаниялар тобының негізін қалаушы Барышев М. А. бірлесіп «Бухгалтерлік есептің цифрлық технологиялары» зертханасының салтанатты ашылуы өтті. Зертхананың мақсаты: «Есеп және аудит» БББ бойынша оқыту процесінің практикалық бағытын күшейту.
Аталған іс-шара барысында «The Boss media group» ЖШС, «Есеп» бухгалтерлерінің кәсіби ұйымы және Тұран университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Д.И. Разаковаға, ЭФ деканы Т. Т. Мухамедьярова-Левинаға және «Есеп және аудит» кафедрасының ПОҚ-на алғысымызды білдіреміз.