2023 жылғы 7 желтоқсанда «Тұран» университетінде «Тұран» университеті студенттерінің «Coursera» Орталық Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық менеджері Эдуард Канмен кездесуі өтті.

2023 жылғы 07 желтоқсанда «Тұран» университетінде «Тұран» университеті студенттерінің «Coursera» Орталық Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық менеджері Эдуард Канмен кездесуі өтті.

 

«Coursera» білім мен заманауи өмірлік дағдыларды оқыту саласындағы көшбасшылардың бірі, ол табысты қалыптасқан ғаламдық онлайн-платформа ретінде өзекті технологиялық құралдарды пайдалану қағидаты бойынша жұмыс істейді.

 

Осы 2023­—2024 оқу жылынан бастап «Тұран» университетінің білім беру бағдарламаларына «Coursera» онлайн-платформасы сәтті интеграцияланды, бұл өз кезегінде студенттер мен оқытушыларға бірқатар маңызды артықшылықтар береді.

 

Тұран университеті бакалавриат және магистратура студенттеріне арналған 500 лицензияның иегері атанды, оның ішінде:

  • Экономика факультетінің ББ үшін 317 лицензия;
  • Цифрлық технологиялар және өнер факультетінің ББ үшін 183 лицензия.

 

2023—24 оқу жылының 1 семестрінде жобаға қатысқандар саны:

  • 500 білім алушы;
  • 30 ПОҚ, оның ішінде 10 оқытушы 5 және одан да көп курсты аяқтады;
  • Университеттің ПОҚ 35 сертификат алды.

 

«Тұран» университетінің оқу процесіне «Coursera» ғаламдық онлайн-платформасын интеграциялау студенттерге болашақта табысты мансапқа жету үшін үздіксіз білім берудің құралдарын беріп, олардың үйлесімді және жан-жақты дамуына ықпал ететін стратегиялық маңызды шешім.

Online қабылдау