«Ақпараттық технологиялар» кафедрасының магистранттары – «Өмірге сен» қоғамдық қорының еріктілері

“Ақпараттық технологиялар” кафедрасының оқытушы және профессор-мұғалімдер құрамы түрлі қайырымдылық іс-шараларға белсенді қатысуда.

 

2023 жылғы 11 қарашада “Ақпараттық жүйелер” ББ 2 курс магистранттары Ахметов Арсен, Кусаинов Мухамедали, Рогожин Петр, Токмашов Дамир (жетекшісі Ким Е.Р.) “Өмірге сен” қоғамдық қорының жаңа кеңсеге көшуіне және оңалту, респираторлық қолдау және паллиативтік көмек орталығының ашылу дайындығына үлес қосты.

 

Балалар жеке жүктемелеріне,, оқуына және жұмысына қарамастан, уақыт бөліп, көмекке келді. Алғыс ретінде оларға қордан, барлық қамқоршылар мен олардың ата-аналарына үлкен алғыс айтылды.

Online қабылдау