2023 жылдың 13 желтоқсаны күні «Әлемдік турбуленттілік кезеңіндегі Еуразия елдерінің экономикасы» халықаралық конференциясы шеңберінде «Тұран» университеті, ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы және Қазақстанның экономикалық ғылымдар академиясы «Демографиялық өсу жағдайында Қазақстанда адами капиталды қалыптастыру мәселелері мен перспективалары» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел тақырыбы Қазақстан үшін өте маңызды, өйткені ол демографиялық өзгерістерге байланысты мәселелерді қозғайды. Мәселен адами капиталдың тұрақты өсу мен жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің катализаторы ретінде қарастыра отырып, білім берудің еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестендірілуі, демографиялық өсудің әлеуметтік салдары жайлы және де институционалдық дайындық пен перспективалардың мүмкіндіктерін талқылау қоғамға және де саясатқа да үлес қосатыны сөзсіз. Бұл іс-шара экономикалық, әлеуметтік және жаһандық дамуға ықпал ететін негізгі факторларды жан-жақты зерделенуі арқылы Қазақстанның болашағын қалыптастырудың таптырмас құрамдас бөлігі болып табылады.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік және жергілікті билік пен басқару органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, қауымдастық өкілдері, сондай-ақ адами капитал саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстелдің бағдарламасымен мына жерден танысуға болады.