2023 жылдың 20 желтоқсанында Тұран университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы «БҰҰ Моделі» атты ғылыми рөлдік ойынын ұйымдастырып, оған «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» оқу бағдарламасының 70 студенті қатысты.
Студенттік ойынның ашылуында БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық кеңсесінің басшысы Властимил Самек мырза қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Самек мырза ойынға қатысу дипломатиялық, көшбасшылық, шешендік және тілдік дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ күрделі саяси мәселелерде ымыраға келуге көмектесетінін атап өтті. Бұл қасиеттердің барлығы болашақ әлемдік саясат пен аймақтану саласындағы мамандарға қажетті қабілеттер болып табылады.
Қатысушылар үшін, әлемдік қауымдастықта талқыланатын ең өзекті күн тәртібі дайындалды.
Жұмыс қорытындысы бойынша үздік алты делегат таңдалып, марапатталды.
Жаңадан қатысқан студенттер, БҰҰ моделі ойыны олардың болашағының маңыздылығын түсінуге және өзін әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезінуге көмектесетінін растады.