Магистранттардың тағылымдамадан өтуі туралы хабарландыру

«Тұран» университеті мен «Yeditepe» университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес магистранттардың тағылымдамадан өтуіне конкурс жарияланады.

 

Тағылымдама мерзімі: 2024 жылғы 26 ақпан – 6 наурыз аралығы.

 

«Yeditepe» университеті-Түркияның Стамбул қаласындағы жекеменшік оқу орны. Қолданбалы ғылымдар мектебінде 6 кафедра және 13 факультет бар университет THE университеттерінің әлемдік рейтингінде 1501 орынды алады.

 

Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз:

  • 707 кеңсе
  • E-mail: international@turan-edu.kz

 

Барлық ниет білдірушілерді осы мүмкіндікті жіберіп алмай тағылымдамаға қатысуға шақырамыз!

Online қабылдау