АҚПАН: кітапхана дайджесі

КІТАП КӨРМЕЛЕРІ

 

Ақпан айында сізді келесі кітап көрмелері күтеді:

🪙 Әлемдік және ұлттық экономика

🧠 Психология және педагогика

💞 Жүректен жүрекке (14 ақпанға)

 

Көрмеге тек оқу үдерісіне арналған әдебиеттер ғана емес, ғылыми-көпшілік пен көркем әдебиеттер де қойылған. Кітап көрмелерін ұйымдастырумен қатар біз кітап топтамаларын да дайындап, оларды BiblioGUIDE* – «Кітап топтамалары» бөліміне орналастырамыз.

 

 

ЖАҢА ТҮСІМДЕР

 

Біз көптеген жаңа әдебиеттерді аламыз. Сіз жаңа түсімдер туралы біздің көрмелерімізден немесе BiblioGUIDE* ­- «Жаңа түскен әдебиетер» тізімдерінен біле аласыз.

 

* BiblioGUIDE – бұл кітапхана курсы, сіз оны  ACУ-дың басты бетінен таба аласыз.

 

 

ТЕСТІЛІК ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

 

2024 жылғы 1 ақпаннан 1 сәуірге дейін SAGE электрондық ресурсына тестілік қолжетімділік ашылады. Сіз Sage Business Cases – бизнес-кейс платформасына, сондай-ақ Sage Academic Books&Reference – Sage Knowledge электрондық кітаптарына қол жеткізе аласыз. Тестілік қолжетімділік бойынша ақпарат университет сайтында сілтеме бойынша орналастырылады (Білім алушыларға – Кітапхана – Ресурстар – Тестілік қолжетімділік батырмасы). Sage-ге кіру университеттің компьютерлері арқылы жүзеге асырылады (яғни IP мекенжай бойынша).

 

Осы кезеңде SAGE компаниясы өкілдерінің оқыту іс-шаралары өткізіледі, іс-шараның өтетін күні мен уақытын алдын ала хабарлаймыз.

 

 

SCOPUS

 

Бұрын хабарлағанымыздай, ұлттық жазылым туралы шартқа қол қою процесінің өтуіне байланысты қазіргі уақытта Scopus-қа қолжетімділік тоқтатылды. Базаның қашан қолжетімді болатыны әлі белгісіз, бірақ біз Қазақстан бойынша жауапты менеджермен байланыстамыз және жаңалықтарды алғаннан кейін міндетті түрде хабарлаймыз.

 

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС

 

Өткен жылдың желтоқсан айында кітапхана сауалнама жүргізді. Сіз сауалнамаға қатыстыңыз ба? Сіз әлі де сілтеме арқылы сауалнамаға жауап бере аласыз. Сауалнамаға қатысқандардың барлығына және әсіресе сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап бергендерге рақмет.

 

 

ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗ

 

Кітаптардың жаңа түсімдері, кітап көрмелері, оқыту семинарлары және т.б. туралы бірінші болып білу үшін «Тұран» Университетінің кітапханасы Telegram арнасына жазылыңыз.

 

Сізді жазылушыларымыздың қатарына қуана қарсы аламыз! Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

Қабылдау комиссиясы