Жобаны басқару апталығы

«Тұран» университетінде 15-19 қаңтар аралығында жобалық менеджмент апталығы өтті. Осы аптаның ұйымдастырушылары – «Тұран» университеті, ҚР Жобалық менеджерлер одағы, Алматы қаласы бойынша «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасы.

 

15-16 қаңтарда Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін «жобаларды басқару негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Сабақтарды э.ғ.д., профессор С.А. Тусупова және ҚР Жобалық менеджерлер одағының жаттықтырушысы, PMI PMP, IPMA Ақзамбекқызы Ақбота өткізді.

 

17 қаңтарда Алматы қаласының мектептері мен колледждерінің оқушылары арасында кейс чемпионаты өтті.

 

19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жобалық менеджерлер одағының 20 жылдығына арналған «Ресми және бейресми білім беру шеңберінде жобалық менеджмент саласындағы кәсіби біліктілікті дамыту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Online қабылдау