«Еуразия континенті халықтарының эволюциясы контекстіндегі зороастризмнің мәдени-тарихи мұрасы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2024 жылдың 25 қаңтарында «Тұран» университеті ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесіп «Еуразия континенті халықтарының эволюциясы контекстіндегі зороастризмнің мәдени-тарихи мұрасы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияның мақсаты Еуразиялық кеңістіктегі эволюциялық процестерді түсіну призмасы арқылы зороастризм ілімінің мәдени-тарихи мұрасының ғылыми-теориялық және практикалық мәселелерін кешенді қарастыру.

 

Конференцияға Иран, АҚШ, Испания, Әзірбайжан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан елдерінің жетекші сарапшылары мен белгілі ғалымдары, сондай-ақ қазақстандық зерттеушілер, дін өкілдері мен дипломаттар қатысты.

 

Пленарлық отырыста 7 елдің ғалымдары мен сарапшыларының 12 баяндамасы тыңдалды. Конференция гибридті күндізгі-қашықтық форматында өтті: қатысушылардың жартысы зум арқылы қатысты. Бас модератор Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының президенті Р.А. Алшанов болды. Сондай-ақ ол зороастризмнің теориялық және әдіснамалық мәселелері бойынша «Зартуш: діни қызметкерден пайғамбарға дейінгі жол. Жайық (Жайық, Датия) жағасынан Балхқа дейін» тақырыбында баяндама жасады.

 

Қазақстандық ғалымдардың басқа да ғылыми баяндамаларымен қатар шетелдік ғалымдар Mehraban Poladi (Иран), Fahimeh Shakiba (Иран), Миксюк Анастасия Степановна (Беларусь), Махмудова Гули Тилабовна (Өзбекстан), Gil Fuensanta Jesus (Испания), Choksy Jamsheed K. (АҚШ) өз зерттеулерінің нәтижелерін конференция қатысушыларының назарына ұсынды.

 

Пленарлық отырыстан кейін конференцияның жалғасы ретінде зороастризмнің өзекті мәселелеріне арналған секциялық отырыстар өтті. Бас модератор ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор С.Е. Нұрмұратов болды. Жалпы, конференция жұмысы түрлі елдердің ғалымдары мен сарапшыларын қызықты пікірталасқа тарта отырып, білім, тәжірибе және идеялар алмасуына мүмкіндік берді.

 

Конференция бағдарламасымен мына жерден танысуға болады.

Online қабылдау