2024 жылдың 10 қаңтарында «Туризм және сервис» кафедрасының ПОҚ №178 физика-математика лицейінде, № 19 жалпы білім беретін мектепте, №118 мектеп-гимназиясында және Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізіп және 2023 жылғы 22-28 Желтоқсанда «Тұран» университетінде өткен Қазақстан Республикасы мектептерінің (10-12 сыныптар), колледждерінің оқушылары арасында «Шексіз Қазақстан» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Кездесу барысында кафедрасының 6В11101 «Туризм», 6В11102 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі», 6В11103 «Туризм және қонақжайлылық инновацияларының менеджменті» оқу бағдарламаларының дайындау бағыттары туралы ақпарат ұсынылды.
Оқушылар ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады және көптеген сұрақтар қойып, сұрақтары бойынша толық жауаптар алды. Олардың көпшілігі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының арқасында болашақта оқуға түсу үшін «Тұран» университетін қарастыратынын атап өтті.