Оқытушылар мен қызметкерлерге арналған инклюзивті білім берудің ерекшеліктері туралы семинар

Университетте 2024 жылдың 08–12 қантары аралығында «Педагогикалық шеберлік мектебі – 2024» бағдарламасы аясында «Жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім берудің ерекшеліктері» тақырыбындағы оқытушыларға арналған оқыту семинары өтті.

 

Семинарда инклюзивті білім беру жүйесінің даму ерекшеліктері талқыланды. Спикер профессор, педагогика ғылымдарының докторы                      З.А. Мовкебаева: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады. Университет психологы Э.К. Ахметова ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің ерекшеліктерін атап өтті. Курсқа ЕБҚ бар студенттерге сабақ беретін мұғалімдер мен осы санаттағы студенттерге жетекшілік ететін эдвайзер-кураторлар қатысты.

Online қабылдау