2024 жылдың 30 қаңтарында «Жоғары білім берудегі инновациялық білім беру технологиялары болашақтың мақсатты индикаторлары ретінде» атты Қысқы мектеп аясында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы «Құқықтану» мамандығының студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына арналған «Ресей Федерациясындағы жария қызметтің заманауи үрдістері» тақырыбы бойынша қонақтық дәріс ұйымдастырды. Қонақ – заң ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік қызмет және басқару институтының персоналды басқару және мемлекеттік қызмет факультетінің деканы Е.Ю. Киреева.