Сантьяго-де-Компостела университетінде PhD докторанттың шетелдік ғылыми тағылымдамасы

2023 жылғы 12 желтоқсаннан 2024 жылғы 11 қаңтарға дейін «Менеджмент» білім беру бағдарламасының докторанты Құттыбаева Гүлмира Саньяго-де-Компостела университетінде (Испания) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Бұл университет «QS Top universities Ranking» әлемдік рейтингінде 751-800 орын алады.

 

Докторант шетелдік ғылыми кеңесші PhD философия докторы, Бизнес-менеджмент және маркетинг департаментінің профессоры Nailya Saifulina жетекшілігімен тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдама барысында докторант Университет пен Департаменттің қызметімен танысты, ғылыми кітапханада докторлық диссертацияға материалдар жинады, зерттеу тақырыбы бойынша қызметкерлер мен студенттерге сауалнама жүргізді, диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік кеңесшімен бірлесіп жариялау үшін мақала дайындады, зерттеу әдіснамасы мәселелері бойынша кеңес алды. Аяқтағаннан кейін докторант Г. Е. Құттыбаева шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат алды.

Online қабылдау