Қысқы мектеп аясындағы «Құқықтық қызметті цифрландыру» тақырыбында практикалық сабақ

2024 жылдың 1 ақпанында «Тұран» университеті РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп ұйымдастырған «Жоғары білім берудегі инновациялық білім беру технологиялары болашақтың мақсатты индикаторлары ретінде» атты қысқы мектеп аясында, «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының оқытушылары Студенттерге «Заң қызметін цифрландыру» тақырыбында тәжірибелік сабақ өтті.

 

Кафедра профессоры Алаева Г.Т. «Сот кабинеті» электронды сервисінің түсінігін берді, арыздарды, өтініштерді беру кезінде онымен жұмыс істеу тәртібін түсіндірді және office.sud.kz веб-порталының жұмысын тәжірибелік мысалмен көрсетті.

 

Кафедраның сениор-лекторы Сулейменова Н.О. Қазақстанды цифрландырудың құқықтық негіздерінің даму тарихын, цифрлық үкіметтен цифрлық мемлекетке көшу туралы айтып берді, «Электрондық үкіметпен» жұмыс істеу негіздерін көрсетті және eGov веб-сайтында онлайн қызметтерді алуды практикалық мысалмен көрсетті.

 

Сонымен қатар спикерлер ретінде практикалық қызметкерлер Алматы қалалық адвокаттар алқасының заңгері М.М.Асқарова және Алматы қаласының нотариусы Л.Р.Әлібекова шақырылды. Олар «Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» («Е-Заң Көмегі») ақпараттық жүйесімен және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйемен (E-Notary) жұмыс істеу қағидаттарын түсіндірді.

Online қабылдау