2023 жылы тағайындалған президенттің қазақстандық жас жазушылар мен ақындарына арналған арнайы әдеби сыйлығына «Тұран» университетінің «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының сениор-лекторы Әшімова Айтолқын ие болды

2023 жылы тағайындалған президенттің қазақстандық жас жазушылар мен ақындарына арналған арнайы әдеби сыйлығына «Тұран» университетінің «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының сениор-лекторы Әшімова Айтолқын ие болды. Оның «Тау көтерген толағай» шығармасы «Драма» номинациясына марапатталды. Байқауға бұған дейін халықаралық я республикалық байқауларға қатыспаған 53 автор өз шығармаларын ұсынды. «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша 7 шығарма, «Драматургия» бойынша 9, «Поэзия» – 13 шығарма, «Проза» номинациясында – 14 шығарма қарастырылды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ағымдағы жыл қаңтарының 25-інде жеңімпаздарды жоғары жетістіктерімен құттықтап, сыйақысын табыстады.

Online қабылдау