TURAN FEST – сенің болашаққа қадамың

29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Аймақтану және халықаралық қатынастар кафедрасы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РАНХиГС) Мемлекеттік қызмет және басқару институтымен (ИГСУ) бірлесіп «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған TURAN FEST өткізіп, онда модераторлар студенттерді магистратураның білім беру бағдарламаларымен таныстырды.

 

Спикерлер:

 

  • Каролина Александровна Сикиринская, ИГСУ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы: «Менеджмент бойынша кеңес беру» («Халықаралық қатынастардағы кеңес беру және аналитика» бірлескен алмасу модулін қоса алғанда).
  • Татьяна Витальевна Скипетрова, ИГСУ РАНХиГС доценті, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, «Саяси көшбасшылық және басқару психологиясы» магистратурасының директоры.
  • Широкова Олеся Вадимовна, «Менеджмент бойынша кеңес беру» магистратура бағдарламасының директоры.
  • Самай Алина Диасқызы, саясаттану ғылымдарының кандидаты, Тұран университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті: «Халықаралық қатынастар» – Білім беру бағдарламаларындағы заманауи тенденциялары».

 

Студенттер әртүрлі салалардағы үздік сарапшылардан бірегей тәжірибе алды және одан әрі білім беру перспективаларына үлкен қызығушылық танытты.

 

TURAN FEST – бұл сенің білім әлеміне еніп, жаңа көкжиектерді ашу және білім беру мансабыңда, келесі қадамын жасау мүмкіндігі!

Online қабылдау