2024 жылдың 6 ақпанында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, қауымдастырылған профессор PhD Джумабаева Қарлығаш Асылханқызының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы полиция органдарының қызметі» атты қонақ дәрісі өткізілді.
Қонақ дәріске Медеу ауданының полиция басқармасы бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Сұлтанғазиев Айдын Сламжанұлы арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Сөз кезегінде Алматы қаласы полиция департаменті Қазақстан Республикасының 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтарды полицияда қызмет етуге шақыратынын атап өтті.
Полиция қызметкерлерін қолдау мақсатында әлеуметтік пакеттер қарастырылған.
Қонақ дәріске «Құқықтану» мамандығының 3-4 курс студенттері белсене қатысып, көкейде жүрген сұрақтарға толық жауап ала алды.