2024 жылдың 18 ақпанында «Тұран» университетінің “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында «КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ» тақырыбында дебат өткізілді.
Дебаттың мақсаты:
- БҰҰ құрған тұрақты даму мақсаттарының бірі болған сапалы білімге қолжеткізу;
- оқушылардың ғылыми ізденісін арттыру арқылы болашақта білікті мамандарды дайындау;
- қатысушылардың құқықтық білім деңгейін көтеру;
- қатысушылардың ғылыми белсенділігін арттыру;
- кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
- кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықтық сана, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, ақпарат алмасу.
Дебат қатысушылары:
- «KursAnt» мектебі
- В.Г. Белинский атындағы орта мектеп
- Шамалған ауданы орта мектебі
- Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп
- № 178 мамандандырылған мектеп-лицей» оқушылары.