Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімдерді жаңарту, оқыту тәсілдерін жетілдіру және практикалық тәжірибе алмасу мақсатында 2024 жылдың 22-23 ақпан күндері Maqsut Narikbayev University-де (Астана қ.) ЖОО оқытушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша ҚР ҒжЖБМ Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім Комитетінің ұйымдастыруымен республикалық семинар өтті. Семинардың жұмысына Тұран университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Торгаутова Б.А. қатысты.