2024 ж. 23 қаңтарда Лондон университетінің (Ұлыбритания) Шығыстану және африканистика мектебінде «Тұран» университетінің профессоры, т.ғ.д. Камалов Аблет Каюмовичтің «От репатриации до массового исхода: миграции на китайско-советском приграничье в 1950-1960-е гг.» тақырыбында дәрісі өтті. Дәріс ХХ ғ. Кеңес-Қытай қатынастарындағы маңызды оқиғалардың біріне арналды. Олар: 1950-1960 жылдары Қытай Халық Республикасының екі провинциясынан (Маньчжурия және Шыңжаң) кеңестік Қазақстанға кеңес азаматтарын репатриациялау, бұл 1954 жылы орын алып, 1962 жылдың сәуір-мамыр айларында Шыңжаңның шекаралас аудандары тұрғындарының жаппай қашуына әкелді. Дәрісте трансшекаралық көші-қонға түрткі болған және тартатын факторлары, оның негізгі кезеңдері мен салдары қарастырылды.
Көші-қонның өзі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуразияда болған геосаяси өзгерістер мен Қытайдағы халық билігінің алғашқы онжылдықтарындағы кеңес-қытай қатынастарының дамуы контекстінді қарастырылды. А.К. Камаловтың баяндамасы Орталық Азия мен Қытайды зерттейтін Лондон университетінің зерттеушілердің көңілінен шықты. Дәріс Лондон университетінің профессоры Рейчел Харристің шақыруымен ұйымдастырылды, бұл бұған дейін 2018-2022 жылдары Лондон университетімен бірлесіп өткізген мәдени мұра бойынша бірлескен ғылыми жобаны басқарды. Ағымдағы іс-шара «Қазақстан-Қытай қатынастарындағы көші-қон факторы» (ИРН АР19679244) ҚР ҰҚМ гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасы шеңберінде өткізілді. Дәріс туралы ақпарат Лондон университетінің Шығыстану және африканистика мектебінің сайтында берілген.