2023 ж. 27 қыркүйекте «Тұран» университетінде профессор-оқытушылар құрамы үшін «Case Study: шетелдік тәжірибе» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинарды э.ғ.д., профессор Роланд Гизе (Германия) өткізді.
Case Study – үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеуді қажет ететін студенттерді оқыту әдісі, ол ситуациялық талдау әдістеріне жатады және басқару дағдыларын үйрену үшін бизнестегі, экономикадағы және әлеуметтік саладағы нақты жағдайларды сипаттайды. Ол басқа адамдардың уәждерін жақсы түсінуге көмектеседі және өзге компаниялар қабылдаған шешімдер мен өмірлік жағдайларды қолдана отырып, іскерлік жағдайларды талдауды үйренуге мүмкіндік береді. Әдіс белгілі бір салада, мысалы, бизнесте дамыған жағдайларды мұқият талдауға негізделген. Әдістің артықшылығы – тыңдаушылар топтық жұмысты үйренеді, басқару шешімдерін талдайды және оларды қалай өзгерту керек екенін анықтайды.
Әдістемелік семинар интерактивті режимде өтті, Case Study білім алушылардың жоғары эмоционалды, белсенді қатысуының арқасында материалды тиімдірек игеруге көмектеседі. Профессор Р. Гизе бұл әдісті неміс университеттерінде қолданудағы жеке тәжірибесімен бөлісті. Оның пікірінше, кейс әдісі университетте оқытылмайтын, бірақ нақты жұмыс үрдісінде өте қажетті «жұмсақ дағдыларды» (soft skills) жетілдіруге мүмкіндік береді.