«Тұран» университетінде «Педагогикалық шеберлік мектебі – 2024» аясында 2024 жылғы 8–12 қаңтар аралығында «Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіби қызметінің түрі ретінде, білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау» тақырыбында оқытушыларға арналған оқыту семинары өткізілді.
Интерактивті режимде ұйымдастырылған семинар аясында Академиялық адалдық лигасының жалпы қағидаттары негізінде студенттерді/магистранттарды/докторанттарды оқыту нәтижелерін бағалау критерийлеріне ерекше назар аударылды.
«Тұран» университетінің білім беруді ақпараттандыру ҒЗИ директоры, педагог.ғ.д., профессор К.С. Абдиев «АТ», «КБИ», «РЭТ» кафедраларының ПОҚ оқытуды жүргізді. Жұмыс барысында болашақ мамандардың кәсіби дағдыларының қалыптасу деңгейін бағалау мәселелері қаралды.
«Тұран» университетінің профессор-зерттеушісі, PhD, Д.И. Закирова «Қаржы», «Есеп және аудит», «Маркетинг және логистика», «Әлемдік және ұлттық экономика», «Менеджмент», «Іскерлік әкімшілік» кафедраларының ПОҚ оқытуды жүргізді. Семинар барысында Д. И. Закирова студенттердің/магистранттардың/докторанттардың оқу қызметін бағалау әдістерін (құралдар, критерийлер, мысалдар, үлгілер) қолданудың практикалық тәжірибесін ұсынды.
«Тұран» университетінің «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының сениор-лекторы Л. Алдабергенқызы «Құқықтану және халықаралық құқық», «Аймақтану және халықаралық қатынастар», «Туризм және сервис», «Журналистика және аударма ісі», «Психология», «Лингвистикалық дайындау орталығы» кафедраларының ПОҚ оқытуды жүзеге асырды. Жұмыс барысында оқытушылар Л.Алдабергенқызы оқытуда қолданатын студенттердің/магистранттардың/докторанттардың оқу қызметін бағалау әдістерімен (құралдар, критерийлер, мысалдар, үлгілер) танысты.
«Тұран» университетінің «Turan Film Academy» Жоғары мектебінің директоры А.С. Найзабеков «Turan Film Academy» ЖМ ПОҚ үшін оқыту сабақтарын өткізіп, «Өнер» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларында оқитын студенттердің/магистранттардың оқу қызметін бағалау әдістерін қолданудың практикалық тәжірибесін ұсынды.