«Тұран» университеті «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы Польша Республикасының консулдығымен бірлесіп халықаралық конференция өткізді

2024 жылдың 23 ақпанында Тұран университеті, Польша-Қазақстан халықаралық ғылыми кеңесі және Польша Республикасының Бас консулдығының ұйымдастыруымен ғылыми конференция өтті. Бұл конференция, Қазақстан мен Польша ғалымдары 2023 жылдан бастап халықаралық проблемаларды бірлесіп талқылауды бастаған дәстүрдің жалғасы болды.

 

Конференцияның мақсаты – Еуразиялық аймақты тұрақсыздандыру және қазіргі заманғы халықаралық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын заманауи қақтығыстар мен соғыстардың қаупін талқылау болды.

 

Конференцияға АҚШ, Литва, Германия, Венгрия консулдары, сондай-ақ Польша, Украина, Литва және Қазақстанның (Тұран университеті, әл-Фараби ат. ҚазҰУ) ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.

 

Конференцияға Польша Республикасының Бас консулы Йозеф Тымановский мен Тұран университетінің Аймақтану және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Жеңісбек Төлен модераторлық етті. Модераторлар бүкіл Еуразиялық аймақта халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау мен нығайтудың маңыздылығын растады. АҚШ Бас консулы Мишель Еркін ханым және Литва Республикасының Бас консулы Гвидас Керушаускас мырза конференцияға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

 

Конференция спикерлері: доктор хаб. Павленко И., доктор Махович К., проф. Кабулдинов З., доктор Мышляев Т., проф. Ишмұхамедов Ш., доктор Ях Анна, Пачукки-Влосек – Ягеллондық К., Доктор Ставаж П., проф. Асылтаева Э., Ерімпашева А.

 

Конференция қорытындысы бойынша зерттеушілер әлемде қақтығыстардың алдын алу бойынша ұсыныстар жасады.

Online қабылдау