«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша V Халықаралық қашықтықтан өткен олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!

V Халықаралық қашықтықтан өткен олимпиадада «Тұран» университетінің  «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша II жүлделі орын алған  келесі студенттерден құралған: С.С. Соколова; Д. Ж. Казимова; А. А. Николаева –   «Күн есімді жұлдыз»   командасын құттықтаймыз. Олимпиада жыл сайын Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында өткізіледі. Биыл байқауға Қазақстан мен ТМД елдерінен 9 команда қатысты. Конкурсқа қатысу үшін командаларға I тур үшін туристік маршрут әзірлеу, сондай-ақ II тур шеңберінде ұсынылған бағыттар бойынша бейнеролик түсіру қажет болды.

 

«Туризм» ББ 4 курс білім алушылары экскурсиялық қызметтегі иммерсивті технологияларға арналған дипломдық жобасының негізінде Олимпиадаға арналған презентация мен бейнеролик дайындап, таңдалған тақырыптың өзектілігін растады. Команданың ғылыми жетекшісі – А.В. Величко, «Туризм және сервис»  және кафедрасының магистр, сениор-лекторы.

Online қабылдау