2024 жылдың 26 ақпанында Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде (Алматы қ.) «Заманауи үрдістер: халықаралық құқық және дипломатия» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Тұран» университетінен «Қазақстандағы конституциялық реформалар: 1995 – 2022 жылдар» атты тақырыпта ҚР Конституциялық сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшесі, заң ғылымдарының докторы Сулейманов Акиф Фирудинович баяндама жасады.