Компанияның тиімді басқару шешімдерін қабылдаудағы қаржылық талдаудың рөлі

2024 жылғы 27 ақпанда 212 аудиторияда «Есеп және аудит» БББ 3 курс студенттерімен «Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. Қонақ дәрісін Туменбаева Орынбасар Шолпанқұлқызы, Executive MBA, PhD (Қаржы) докторы, ҚБТУ Бизнес мектебінің қауымдастырылған профессоры, «Промтехсервис Қазақстан» ЖШС директоры өткізді. Дәріскер ұйымның тұрақты дамуы мен тұрақтылығын сақтау үшін ұйымның қызметін кешенді бағалаусыз жасау мүмкін .стігін атап өтті. Қаржы-шаруашылық қызметті талдау негізінде ұйымның қызметіне қатысты қорытындылар мен ұсыныстар қалыптастырылады, даму бағыттарын жетілдіру бойынша стратегиялық шешімдер әзірленеді.

 

Білім алушылар қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін қалыптастыруға қызығушылық танытты. Студенттер белсенді сұрақтар қойып, дәріскерге шығармашылық табыс тіледі. Бұл қонақ дәрістің модераторы Андосова А.Р.

Online қабылдау