2024 жылдың 1 наурызынан бастап «Тұран» университетінің жанынан құрылған Құқық ғылыми-зерттеу институтында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «7М004201-Құқықтану» ББ магистранттарының ғылыми-зерттеу тағылымдамасы басталды.
Магистранттардың ғылыми-пәндік сипатындағы тағылымдама негізгі құзыреттерді бекітуге, білім беру бағдарламасы бойынша даярлықтың, біліктіліктің кәсіби деңгейін арттыруға және практикалық дағдыларды жетілдіруге, оқытылатын мамандық бойынша жаңа әзірлемелермен танысуға бағытталған.