2024 жылғы 12-17 ақпан аралығында Польшадан келген шетелдік профессор Edvardas Juchnevicius (Эдвард Юхневич) «Тұран» университетінің докторанттары үшін «Ғылыми зерттеу әдістері» пәні бойынша сабақ өткізді. Сабақ барысында профессор Юхневич еуропалық жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулер жүргізудің ерекшеліктерімен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметтің жеке тәжірибесімен бөлісті.
Эдвард Юхневич – заң ғылымдарының докторы, Гданьск университетінің Құқық және басқару факультетінің профессоры, халықаралық салық құқығы, корпоративтік қаржы құқығы, бірігу және жұтылу саласындағы маман.
Профессор Юхневич «Құқықтану» білім беру бағдарламасы докторанттарының шетелдік ғылыми кеңесшісі болып табылады. Қазақстанда болған кезінде ол өзінің докторанттарымен кездесіп, олардың зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми кеңестер өткізді.
Сонымен қатар, профессор Юхневич академиялық ұтқырлық, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша білім алушылармен және профессор-оқытушылар құрамымен бірқатар кездесулер өткізді.