2024 жылғы 11 наурызда «Тұран» университетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары қорының (FFUN SDG) Президенті Ароника Маурицио мырзамен және Италия елшілігі жанындағы Италия мәдениет институтының директоры Эдоардо Кризафулли мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында тұрақты дамудың экономикалық және әлеуметтік аспектілерінің мәселелері талқыланды.
FUN SDG – БҰҰ 2030 жылға дейін бекіткен 17 тұрақты даму мақсатын ілгерілетудің негізгі миссиясы бар халықаралық ұйым. Ұйым БҰҰ Тұрақты дамудың экономикалық және әлеуметтік даму департаментінің ресми қатысушысы.
Кездесу аясында «Тұран» университеті мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары қоры (FFUN SDG) арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, тұрақты даму саласындағы болашақ бірлескен бастамалар мен жобаларға негіз қаланды.