Ресей мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университеті заң факультетінің деканы Л.В. Сокольскаяның қонақ дәрісі

2024 жылдың 6 наурызында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы Ресей мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университетінің заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Л.В.Сокольскаяның келесі тақырыптарда қонақ дәрісін ұйымдастырды. «Сарапшының, маманның арнайы білім құрылымындағы құқық теориясы» және «Құқық қорғау қызметіндегі ақпараттық технологиялар». Дәріс курстарына «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттері қатысты.

 

Дәріс барысында «миға шабуыл» интерактивті әдісі мен зияткерлік ойындар арқылы сот сарапшысының жұмыс орнын автоматтандырудың проблемалық мәселелері шешілді.

Online қабылдау