«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте БАҚ және азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел

Студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуы, болашақ мамандарды қалыптастыру және Біріккен Ұлттар Ұйымының ТДМ-ның №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тапсырмасы аясында пікір алмасу мақсатында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы  және аталған кафедраның жанынан құрылған «Sanaly Urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте БАҚ және азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға «Тұран» университетінің «Sanaly Urpaq» ұйымының белсенділері, «Тұран» колледжінің студенттері, Алматы техникалық-қаржы және инновациялық техникалық колледжінің студенттері қатысты.

Online қабылдау