Тұран университетінің оқытушылары Erasmus+ KA171 академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты

2024 жылдың 18-22 наурыз аралығында Тұран университетінің оқытушылары Еуропалық Одақтың Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында Калиш университетінде (Uniwersytet Kaliski im. Prezydenta Stanisława Wojciechowskiego) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты. University of Kalisz – 40 түрлі білім беру бағдарламасы бойынша 3200 студент оқитын Польшадағы әйгілі мемлекеттік университеттердің бірі болып табылады.

 

Тұран университетінің «Әлем және ұлттық экономика», «Менеджмент», «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедраларының өкілдері Калиш университетінің 1 және 2 курс студенттері мен магистранттарына ағылшын тілінде сабақ өткізді.

 

Таменова Салтанат Сәрсенбайқызы – Аймақтың инновациялық даму орталығының директоры, э.ғ.к., «Менеджмент» кафедрасының ғылыми-профессоры, «Кәсіпкерлік» пәнінен сабақ берді.

 

Абайдуллаева Мадина Маратжанқызы – PhD докторы, «Әлем және ұлттық экономика» кафедрасының доцент-зерттеуші «Халықаралық бизнес» пәнінен сабақ берді.

 

Ишмұхамедов Шарип Абдрахманович – саясаттану ғылымдарының кандидаты, «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті «Интеграциялық үдерістер және халықаралық қауіпсіздік» пәнін жүргізді.

 

Дәрістер мен практикалық сабақтар әзірлеу кезінде оқытушылар экономикалық және кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі аспектілеріне, сондай-ақ Польша мен Қазақстанның сыртқы саясатына салыстырмалы талдау жүргізуге назар аударды. Студенттермен бірге елдердің экономикалық дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар талданып, Польша мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал стратегиялары қарастырылды.

 

Калиш университетінде болған кезде оқытушылар қабылдаушы университет өкілдерімен ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін де талқылады. Мұндай іс-шаралар университеттер арасында тәжірибе алмасуға, оқытушылар мен студенттердің ой-өрісін кеңейтуге, сондай-ақ білім саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

 

Erasmus+ KA171 бағдарламасына қатысу Тұран университетінің халықаралық ынтымақтастық және білім сапасын арттыру саласындағы даму стратегиясының бөлігі болып табылады. Бағдарламаның арқасында оқытушыларымыз кәсіби және тілдік дағдыларын жетілдірді, оқу материалдары мен әдістерін байытты, сонымен қатар университеттер арасындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға үлес қосты.

 

Online қабылдау