«Жоғары сапалы цифрландыру – сыбайлас жемқорлықты азайту факторы» атты дөңгелек үстел

Студенттердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамыту, болашақ мамандарды қалыптастыру және БҰҰ ТДМ №16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» миссиясы аясында пікір алмасу мақсатында «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы, «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы жанынан құрылған «Sanaly Urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы «Жоғары сапалы цифрландыру – сыбайлас жемқорлықты азайту факторы» атты бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

Онлайн және оффлайн режимінде өткен шараға «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының оқытушылары, «Sanaly Urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымының белсенділері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушылары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының жанынан құрылған «Адал ұрпақ» ұйымы, Алматы техникалық – қаржы және инновациялық – техникалық колледжі  қатысты.

 

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сұрақтар қойып, қойылған тақырыпты қызығушылықпен талқылады.

Online қабылдау