2024 жылдың сәуір айындағы кітап көрмелері

Сіздерді кітап көрмелеріне шақырамыз:

 

✅ Information Technology

✅ Мен, робот

✅ Қабылдаушы, қалай естіліп тұр, қабылдаушы?

✅ Ғылым

 

«Information Technology» – бұл ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламалық инженерия салалары бойынша оқу әдебиеттерінің жинағы. Көрмеде IT-қызметі бойынша жаңа түскен әдебиеттер, сондай-ақ университет оқытушыларының еңбектері ұсынылған.

 

«Мен, робот» бұл робототехника, жасанды интеллект және бос уақытты өткізуге арналған оқу әдебиеттерінің жинағы. Бұл көрмеде сіз комикстерді, ғылыми фантастиканы және антиутопияларды таба аласыз. 

 

«Қабылдаушы, қалай естіліп тұр, қабылдаушы?» – Радиотехника, электроника және телекоммуникация бағыты бойынша жинақталған оқу әдебиеттерінің көрмесі. «Тұран» университеті оқытушыларының ғылыми еңбектері ұсынылады.

 

«Ғылым» – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күніне арналған кітап көрмесі. Мұнда біз ғылымиметрия бойынша әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды (журналдарды) ұсынамыз.

 

Әрбір көрменің электронды жинағын сілтемеде ұсынамыз. Мұндағы тізім әлдеқайда кең және онлайн оқуға болатын басылымдарды қамтиды.

 

Кітап көрмелерін өткізу мерзімі 1-30 сәуір аралығында.

Қабылдау комиссиясы