«Турнаман» пікірсайыс турнирі

24-25 ақпанда Тұран университетінде жыл сайынғы пікірсайыс турнирі турнирі өтті, оған келесі елдерден командалар қатысты: АҚШ, Индонезия, Моңғолия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка Республикасы, Украина, Ресей, Қазақстан.

 

Бұл турнирде 2 күн бойы 150-ден астам пікірсайыс ойынының қатысушылары жүлделі орындарды сарапқа салды.

 

Жарыс нәтижесінде 3-орынды АҚШ, Қазақстан және Ресей құрамаларының мүшелері FLEX (АҚШ) және Team Earth (Haileybury Almaty) командасы иеленді.

 

Қола жүлдегерлер Тұран университетінде 1 жыл оқуға 50% жеңілдік алды!

 

2-орын және Тұран университетінде 1 жыл оқу гранты Eldians (Astana School, Canadian International School және Atyrau BIL) құрама командасына бұйырды.

 

Құрметті 1 орын және Тұран университетінде 2 жыл гранты Оңтүстік Африка және Қазақстан құрамасының мүшелері Team Air (Haileybury Almaty) командасына берілді.

 

Пікірсайыс студенттердің өз ұстанымдарын дәлелдеуге, құқықтық мәдениетін, азаматтық белсенділігін арттыруға, сонымен қатар шығармашылық және сыни ойлау, топта жұмыс істеу қабілетін дамытуға көмектесетініне сенімдіміз.

 

Жеңімпаздарды құттықтап, жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

Online қабылдау