SIRIUS студенттік ұйымынан Qamqor Cup I қайырымдылық пікірсайыс турнирі

2-3 наурызда Тұран университетінде қайырымдылыққа қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылған «Qamqor Cup I» республикалық пікірсайыс турнирі алғаш рет өтті. Бұл жоба «Асар-үме» қайырымдылық қорымен бірлесіп жүзеге асырылды. Турнирге 64 фракция қатысты.

 

«Асар-үме» қайырымдылық қоры іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы болды, сондай-ақ қайырымдылық бастаманы бірлесіп жүзеге асыру үшін серіктестерді тартты. Бұл бастаманы қолдаған серіктестер арасында samal.water, browdgy.kz, bul.senim, jops.optic.kaskelen және ademi.shar болды.

 

Турнир нәтижесінде мұқтаж жандарды қолдауға және «Асар-өме» қайырымдылық қоры жүзеге асырып жатқан түрлі әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған жалпы сомасы 1 155 797 теңге қаржы жиналды.

 

«Qamqor Cup I» бірінші республикалық пікір-сайыс турнирінің осылайша сәтті өтуі студенттер қауымы мен жалпы жұртшылықтың қайырымдылық бастамаларды қолдауға және Қазақстанда пікірсайыс мәдениетін дамытуға кең қолдау көрсететінін көрсетеді.

Online қабылдау