Түркиядағы докторанттардың шетелдік ғылыми тағылымдамасы

2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде, 26 ақпан мен 26 наурыз аралығында «Қаржы» білім беру бағдарламасының үш докторанты Çankaya университетінде, «Менеджмент» білім беру бағдарламасының бір докторанты Yeditepe университетінде тағылымдамадан өтті.

 

Çankaya университеті «Times Higher Education World Universities Ranking» рейтингінде 601-800 орын алады, Yeditepe университеті – «Times Higher Education Impact Rankings» рейтингінде 601-800 орын алады.

 

«Қаржы» білім беру бағдарламасының докторанттары Нұрсұлтан Сұлтанов, Жадра Рахымова және Гүлдар Мәуленбердиева профессорAytaç Gökmen-ның жетекшілігімен, ал «Менеджмент» білім беру бағдарламасының докторанты Ләззат Сағандықова – профессор Natalya Ketenci-нің жетекшілігімен тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдама барысында докторанттар университеттердің қызметімен танысты, ғылыми-практикалық семинарларға қатысты, кітапханада докторлық диссертация мен ғылыми мақалаларға материалдар жинау бойынша жұмыс жүргізді, ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде әдістеме және зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша ғылыми консультанттардан кеңес алды. Тағылымдама аяқталғаннан кейін докторанттар шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификаттар алды.

Online қабылдау