2024 жылдың 5 сәуірінде «Тұран» университетінде «Еуразия» қорының президенті (Азиядан) профессор Чинг Джун Кон «Евразиялық Қоғамдастық: Көшбасшылық және инновация» атты қонақ дәрісі «Туризм», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі», «Туризм мен қонақжайлылықтың инновациялық менеджменті» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері үшін өтті.
Жобаның мақсаты – студенттерге Еуразия туралы білімдерін арттыруға, Еуразиялық қауымдастықтың идеяларымен, мақсаттарымен және міндеттерімен танысуға мүмкіндік беру. Әрбір білім берушіге адамзат қоғамдастығында бірге өмір сүрудің құндылығын сезінуге мүмкіндік беріледі. Жобаның кураторы – «Туризм және сервис» кафедрасының профессоры, э.ғ.д. Каленова С.А.