«Құқықтану» БББ студенттері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде

2024 жылдың 10 сәуірінде «Тұран» университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Экономика және құқық» институты жанынан құрылған «Құқықтану» БББ-ның «Жас заңгер» шығармашылық үйірмесі ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен өткен «Адам құқығы: даму тарихы, теориясы және практикасы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

 

«Тұран» университетінің «Құқықтану» ММ 3 курс студенттері сыйлықтармен марапатталды:

 

I орын – Айсағалиева Айнази, Кәкімова Аруза;

ІІ орын – Арманқызы Қызғалдақ, Турдалиева Диана, Бақтыбай Айдана;

ІІІ орын – Тоқтасын Мерейлім

 

Жас ғалымдарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта ғылымда биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!

Online қабылдау