Инновация саласындағы студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар арасында білім мен идеялармен алмасуға арналған платформа

2024 жылдың 12 сәуірінде “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының базасында студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың “innotech Connect: идеялар мен технологияларды біріктіреміз” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Конференция креативті ойлауды ынталандыру және өзекті мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдерін дамыту мақсатында студенттер, магистранттар, докторанттар және инновациялар саласындағы жас ғалымдар арасында білім мен идеялармен алмасу үшін платформа құрды.

 

Конференцияны “Тұран” университетінің экономика факультетінің деканы экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхамедьярова-Левина Тамара Талғатқызы және “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының меңгерушісі экономика ғылымдарының докторы, профессор Байтенова Лаура Маратқызы ашты.

 

Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстанның әртүрлі жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының оқытушылары мен ғалымдары, бизнес-қоғамдастық және IT-сала өкілдері баяндама жасады.

 

Баяндамашылар өз сөздерінде жастардың инновациялар, креативті ойлау және өзекті мәселелерді шешуге инновациялық тәсілдерді дамыту саласындағы рөлі мен орнын көрсетті.

 

Тұран университетінің студенттерінен басқа конференцияға Қазақстан, Ресей, Италия, АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея және Гонконг білім беру мекемелерінің магистранттары мен студенттері қатысты.

 

Конференцияның барлық қатысушылары алғыс хаттар мен I, II және III дәрежелі ГРАН-ПРИ дипломдарын алды.

 

Конференцияның модераторы – техника ғылымдарының кандидаты, “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ким Екатерина Романовна.

 

Конференция қорытындыларымен толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады.

Online қабылдау