Музыка сияқты өрілген өлеңдер

«Тұран» университетінде Қазақстан мен Ресей мемлекеттері студенттерінің халықаралық әдеби-поэтикалық кеші өтті. Ұйымдастырушылар «Журналистика және аударма ісі» кафедрасы («Тұран» университеті, Алматы қаласы, Қазақстан) және Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (Мәскеу қаласы, Ресей) тіл мамандары болды.

 

Студенттер үшін бұл ортақ тіл табысуға, өз ойын еркін жеткізуге және ана тілі мен шет тілдерін жетілдіруге тамаша мүмкіндік болды. Бұл күндері олар әдебиет пен өнерге ерекше қызығушылық танытты, себебі осы іс-шара аясында көптеген жан тебіренткен сұрақтарға жауап тапты.

 

«…Поэзия тек өлеңмен ғана шектелмей, біздің айналамызда да мөлдіреп төгіліп тұр. Мына ағаштарға, аспанға қараңыздаршы – әр жерден сұлулық пен өмірдің нәрі тарайды, ал сұлулық пен өмір бар жерде поэзия да бар».

 

Студенттер орыс жазушысы Иван Тургеневтің жоғарыда келтірілген тұжырымын ой елегінен өткізіп, өмірлеріне поэзия шуағын шашты.

 

Қазақстан тарапынан қатысқан Айша Бекетова, Надежда Резник, Ангелина Квашнина, Дилдора Мамыржанова және Полина Михайлова сияқты таланттар үздік деп танылды.

 

Ал, Ресей жағынан – Даниил Грипасов, Варвара Горбуль, Полина Дзевенис, Александра Мовчанюк, Татьяна Горбенко және Александр Волковтар көпшілікті өнерлерімен тәнті етті.

 

Студенттер Александр Пушкиннің, Абай Құнанбаевтың, Сергей Есениннің, Александр Блоктың, Релярд Киплингтің және басқа да ақиық ақындардың өлеңдерімен шабыттанды.

 

Байқауға барлық оқу бөлімдерінің, барлық мамандықтар мен оқыту бағыттарының студенттері қатысты. Олар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде поэзия оқыды.

 

Шетелдік қатысушылар бейнежазбаларын электронды поштаға жолдау арқылы сырттай қатысты.

Музыка сияқты өрілген өлеңдер
Online қабылдау