2024 жылы 2 мамырда Лобачевский университетіндегі серіктестеріміз ұйымдастырған «Білім беруді дамытудың өзекті тенденциялары: үздік ресейлік және шетелдік тәжірибелер» (EduVolgaForum) 5-мерейтойлық халықаралық конференциясы аясында «Студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту практикасы: проблемалар және оларды шешу бағыттары» секциясының жұмысы өтті.
Аталған конференцияның мақсаты-жоғары білім беру саласындағы проблемалық аспектілерді талқылау, ғылым мен білім беру саласындағы университетаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту үшін алаң құру. Атап айтқанда, конференция жоғары оқу орындарының басшы және профессор-оқытушылар құрамына, сондай-ақ университеттерде білім беру қызметін ұйымдастыратын әкімшілік қызметкерлерге арналған.
Пленарлық отырыста «Туран» университетінің стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, э.ғ. к., PhD Разакова Дина Ибрагимовна құттықтау сөз сөйледі.
Біздің университеттен баяндамалар ұсынылды:
Модератор:
Арупов Акимжан Арупович – «Туран» университетінің әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры.
Ұйымдастырушылар: «Әлемдік және Ұлттық экономика» кафедрасының ПОҚ.
Бағдарламаны жүктеу