Ерлік даңқы ешқашан да өшпейді

2024 жылдың 30-ші сәуірі күні «Тұран» университетінде «Халықаралық қатынастар және Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының (STEM) 1 курс студенттері Жеңіс күніне орай «Ерлік даңқы  ешқашан да өшпейді» атты мерекелік іс-шара өткізді. Ұйымдастырушылар: «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к., Құрманбаева Алма Алиевна және п.ғ.м., сениор-лектор Жагипарова Майра Мусаевна.

 

Іс-шараға қатысқан ардагерлер: Асен Сулейменовна Беспаева – Бостандық ауданының Ардагерлер кеңесінің төрайымы; Клара Артемовна Летникова, қоғам қайраткері, Еңбек Қызыл Ту ордені және «Құрмет» орденінің иегері және  Ахметова Лайла Сейсенбековна, тарих ғылымдарының докторы, профессор, тарих, саясаттану, медиа білім беру, азаматтық қоғам жөніндегі жұмыстардың авторы, қазақстандық журналистиканы зерттеуші және қоғам қайраткері.

 

Іс-шараны Мурзагалиева  Тоғжан және Кәрім Айгерім қазақ және орыс тілінде жүргізіп отырды. Іс-шараны «Тұран» университетінің  Әлеуметтік және тәрбие қызметі жөніндегі проректор Герасимова Наталья Сергеевна ашып берді. Модератор Құрманбаева Алма Алиевнаның құттықтау сөзімен басталды.

 

Клара Артемовна мен Асен Сулейменовна өздерінің қиын қыстау шақтардағы естеліктерімен бөлісті. Олар сол қиын кезеңдегі өз тәжірибелері мен білгендерін негізге ала отырып, студенттерге кеңес берді.

 

Қазақстандық журналистиканың белгілі зерттеушісі Лайла Сейсенбековна Ұлы Отан соғысына қатысушы жауынгерлерді іздеу жүйесі туралы, тірі қалған қорғаушылармен сұхбат, кездесулер, мұрағаттардағы, мұражайлар мен кітапханалар қорларындағы құжаттарды зерттеу бойынша өзі дайындап келген презентациясы аясында пайдалы, қызықты ақпараттар ұсынды. Лайла Сейсенбековна айтылған ақпараттарға қатысты студенттерге сұрақ қойды. Ең көп және нақты жауап бергені үшін, Нұрғазина Алияға және ұйымдастырушыға «Панфиловцы: наша гордость, наша слава» атты (764 беттік) кітабын табыстады.

 

Іс-шара «Тұран» университетінің студенті Бірлік Серікұлының майдандағы корреспонденттердің бірі Түймебай Әшімбаев туралы дайындаған бейнесюжетін көріп, бейнесюжет бойынша жүргізушілердің қойған сұрақтарына студенттер жауап берумен жалғасты. Сондай-ақ, Кәрім Айгерім соғысқа қатысқан ардагер атасы туралы шағын презентациясын ұсынды.

 

Ардагерлер студенттер дайындаған концерттік бағдарламаны рақаттанып тамашалады. Іс-шараға қатысушылар домбырамен күй орындады, өлең оқып, қазақ және ұйғыр билерін жеке және жұппен орындады. Кездесу студенттердің «Катюша» әнін орындаумен аяқталды.

Online қабылдау