2024 жылдың 4 мамырында Almaty Management University (AlmaU) қабырғасында «Тұрақты даму және Қазақстанның сыртқы саясаты» тақырыбына арналған XVI Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы өтті. Бұл шара Республика бойынша Халықаралық қатынастар және Аймақтану саласындағы жетекші сарапшылар мен жас талантты студенттердің басын қосты.
Олимпиадаға халықаралық қатынастар саласының сарапшылары қатысып, құттықтау сөзін айтты.
Олимпиадаға Республиканың барлық аймақтарынан халықаралық қатынастар студенттері қатысып, өте қызықты әрі тартысты өтті. Жарыс нәтижесі бойынша:
1 орын:
2 орын:
3 орын:
Ең әуелі студенттерімізді осындай сенімді жеңістерімен құттықтаймыз. Өйткені университетімізден қатысқан 3 команда да жүлделі орындарға ие болды. Әсіресе қазақ тобының студенттері өздерінің жоғары деңгейдегі білімін көрсетіп, 1 орынға ие болды. Бұл жүйелі дайындықтың нәтижесі әрі ғылыми жетекшілердің ерен еңбегі.