«Психология» кафедрасы бірқатар ғылыми-практикалық семинарлар өткізді

4 және 5 мамырда халықаралық ынтымақтастық шеңберінде «Психология» кафедрасы И.И. Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетімен (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы) бірлесіп «Психология», «Клиникалық психология» білім беру бағдарламалары бойынша даярлықтың барлық деңгейіндегі білім алушылар үшін ғылыми-практикалық семинарлар сериясын өткізді.

 

Жетекші ғылыми-практикалық семинарлар ретінде медицина ғылымдарының кандидаты, И.И. Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің психотерапия, медициналық психология және сексология кафедрасының доценті, Ресей психотерапевтикалық қауымдастығының вице-президенті Ковпак Дмитрий Викторович сөз сөйледі.

 

Ғылыми-практикалық семинарлар топтамасы танымдық-мінез-құлық парадигмасында жұмыс істеу үшін қажетті теориялық базисті зерделеуге, КПТ-терапевтің базалық дағдыларын дамытуға және т.б. бағытталды.

Online қабылдау