6B06101 – Ақпараттық жүйелер және 6B06103 – Интеллектуалды робототехника ББ студенттерінің жұмыс берушімен – “Тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің халықаралық қауымдастығы” компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен кездесуі

30 сәуірде сағат 15.10-да 716 аудиторияда 6В06101 – Ақпараттық жүйелер және 6В06103 – Интеллектуалды робототехника білім беру бағдарламасының студенттері жұмыс беруші – «Тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің халықаралық қауымдастығы» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Александрович Пилипенкомен кездесті.

 

Тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің халықаралық қауымдастығы – бұл әртүрлі қызмет түрлері бойынша компаниялар тобын қамтитын компания. Қауымдастықтың негізгі қызметі – интернет желісінде компаниялардың бизнесін ілгерілетуге ықпал ететін digital платформаларын құру.

 

Ю. А. Пилипенко студенттерді үлкен мүмкіндіктер туралы хабардар етті және оларды осы компанияда кәсіби тәжірибеден өтуге шақырды.  Платформаларды әзірлеуге және ілгерілетуге студенттердің тартылуындағы мотивациялық мүмкіндіктердің ауқымы кең:

 

  • ірі компанияларда жұмысқа орналасу;
  • Astana Hub гранттарды төлейтін бизнес-жобаларға қатысу;
  • кәсіби құзыреттілік сертификаттарын алу;
  • NANO дипломын алу;
  • шетел университеттерінде жеңілдетілген шарттармен екінші жоғары білім алу мүмкіндігі.

 

Кездесуді ұйымдастырушы – п.ғ.к., Тұран университетінің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қуанова Сәуле Байтюреевна.

Online қабылдау