2024 жылдың 26 сәуірінде «Тұран» университетінің акт залында бірінші курс студенттерімен маңызды профилактикалық кездесу өтті. Кездесуде талқыланған негізгі тақырыптар жастар арасында кеңінен таралған жаман әдеттер мен қаржылық сауаттылыққа байланысты болды.
Кездесу баяндамашыларының бірі медициналық-сауықтыру орталығының меңгерушісі Родионова Татьяна Николаевна, ол электронды темекіні немесе вейпті қолданудың зияны туралы баяндады. Өзінің баяндамсында жастар арасындағы тәуелділіктің өсу мәселесіне назар аудара отырып, вейпті қолданудың денсаулыққа әсерін сипаттады.
Іс-шараға Отбасы банкінің өкілдері қатысты, олар студенттерге кәмелетке толмағандар үшін банктік шоттар ашу туралы қысқаша ақпарат берді. Бұл студенттерге ақшаны басқару және бюджетті жоспарлау дағдыларын игере отырып, жас кезінен бастап қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің басшысы Алимов Мансур студенттік өмірдің маңызды аспектілерін қозғады. Ол Тәртіптік кеңестің жұмысымен таныстырып, студент Кодексі мен университеттің басқа да ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтты. Бұл бірінші курс студенттеріне жаңа білім беру ортасына бейімделуге және жағымсыз салдардан аулақ болуға көмектеседі.
Бұл кездесу студенттерді белсенді және салауатты студенттік өмірге дайындаудағы маңызды қадам, ол сондай-ақ студенттердің денсаулығы мен қаржылық әл-ауқатына қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі. «Тұран» университетінің студенттері университет ортасына бейімделу мен жеке дағдыларын дамыту үшін тек ақпаратты ғана емес, сонымен қатар қажетті құралдарды да алды.